Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Электр желілеріндегі электр энергиясы шығындарының нормативтік шамасын есептеу әдістемесі» (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 580 бұйрығына 30-қосымша) (2025.16.03. берілген өзгерістермен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Электр желілеріндегі электр энергиясы шығындарының нормативтік шамасын есептеу әдістемесі» (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 580 бұйрығына 30-қосымша) (2025.16.03. берілген өзгерістермен)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2016 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 580 бұйрығына

30-қосымша

 

 

Электр желілеріндегі электр энергиясы шығындарының нормативтік шамасын есептеу

әдістемесі

(2025.16.03. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Энергетика министрінің 2025.27.02. № 103-н/қ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Электр желілеріндегі электр энергиясы шығындарының нормативтік шамасын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 323) тармақшасына сәйкес әзірленген және электр желілері арқылы электр энергиясын беруді жүзеге асыратын ұйымдардың электр желілеріндегі электр энергиясының технологиялық шығындарын есептеуге арналған.

2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) электр энергиясының нақты (есептік) шығындары - желіге түскен электр энергиясы мен желіден босатылған электр энергиясының арасындағы айырма, ол электр энергиясын есепке алу жүйесінің деректері бойынша айқындалады;

2) электр энергиясын есепке алу жүйесі - электр энергиясының түсуі мен желіден босатылуын өлшеуді қамтамасыз ететін және токты өлшеу трансформаторларын (бұдан әрі - ТТ), кернеу трансформаторларын (бұдан әрі - КТ), электр есептегіштерді, жалғастырушы сымдар мен кабельдерді қамтитын өлшеу кешендерінің жиынтығы. Өлшеу кешендері электр энергиясын есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне біріктірілуі мүмкін;

3) электр энергиясының технологиялық шығындары - электр энергиясын тасымалдау кезіндегі технологиялық шығындар мен электр энергиясын өткізу кезіндегі шығындардың жиыны;

4) электр энергиясын тасымалдау кезіндегі технологиялық шығындар - шығындардың екі құрамдас бөлігінің - электр желілері мен электр желісі жабдықтарындағы техникалық сипаттамаларға және желілер мен жабдықтардың жұмыс режимдеріне сәйкес электр энергиясын беру кезінде орын алатын физикалық процестермен негізделген шығындардың (техникалық шығындар), қосалқы станциялардың өз мұқтажына жұмсалатын электр энергиясы шығыстарының жиыны;

Добавить в список основных источников в Google

Демо – версия документа
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!