«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын айқындау жөніндегі комиссия құру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 25 қарашадағы № 543 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 65-бабы 3) тармақшасына сәйкес және «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын айқындау жөніндегі комиссияның құрамын өзектендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын айқындау жөніндегі комиссия құру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 139 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құрамына: