Ақтөбе облысы әкімдігінің
2019 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 352 қаулысына
2-қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 55 Қаулысымен күші жойылды
«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға
(балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысы аудандарының білім бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 тіркелген бұйрығымен бекітілген «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы Ақтөбе қаласы және аудандардың әкімдіктерінің қаулысы немесе Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.