«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 385-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 471-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 385-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14-тармақтың 43) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«43) Қазақстан Республикасының аумағындағы фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесін орнату және жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатын жүйеге келтіруді және есепке алуды қамтамасыз ету;»;
14-тармақтың 48) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«48) Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлеу;»;