Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 6 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
3 қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жылу электр станцияларының энергия блоктарының жеке қажеттіліктеріне арналған бу мен конденсат шығысының нормаларын есептеу
әдістемесі
1 бөлім. Жалпы ережелер
1. Жылу электр станцияларының энергия блоктарының жеке қажеттіліктеріне арналған бу мен конденсат шығысының нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Әдістеме қайта жобаланатын, қолданыстағы, кеңейтілетін және қайта құрылатын жылу электр станцияларына қатысты болады.
3. Аталмыш Әдістемеде келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) Құрылғының энергетикалық сипаттамасы - қабылданған жылулық сызбадағы оңтайлы жұмыс режимінде сыртқы факторлардың белгіленген мәндерінде, құрылғы жағдайы мен оның пайдалану деңгейінде жүктемеге қатысты абсолютті немесе салыстырмалы есептеудегі оның жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерінен тәуелділік кешені;
2) сыртқы факторлар - құрылғы жұмысының үнемділігіне әсер ететін объективті факторлар, олардың мәндері электр станциясының өндірістік қызметкерлерінің қызметіне тәуелді болмайды;
3) құрылғылар тобы - жаңа бу параметрлері бірдей бу айналымы реттелетін турбоагрегаттардың немесе конденсациялық турбоагрегаттардың (қуаты бірдей энергия блоктары үшін), аталмыш турбоагрегаттардың жұмысын қамтамасыз ететін барлық қазандықтардың (шаңды-көмірлі және газ-мазутты) жиындығы;
4) энергоблоктар топшасы - тек шаңды-көмірлі немесе газ мазутты қазандықтардың және олармен бірге жұмыс жасайтын бу қысымы сәйкес және қуаттары бірдей конденсациялық немесе жылу шегендейтін турбоагрегаттардың жиынтығы;
5) көлденең байланыстары бар құрылғылар топшасы - турбоагрегаттар жұмысын қамтамасыз ететін жаңа буы мен қазандықтарының параметрлері бірдей конденсациялық немесе жылу шегендейтін турбоагрегаттардың жиынтығы;