Введите номер документа
Прайс-лист

«Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 131 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 46 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 28 июня 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 14 июля 2024
Дата последнего измененияпятница, 28 июня 2024

 «Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 131 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 46 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 32986 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларында:

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша кәсіпкерлік қызмет түрлері бөлінісінде реттеушілік актілердің жалпыға қолжетімді дерекқоры;»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4.1. Егер реттеушілік актіде кәсіпкерлік қызметтің саналуан түріне қойылатын орындалуы міндетті талаптар қамтылған жағдайда, мұндай акт қызметтің әрбір түріне арналған талаптар тізіліміне енгізілуге жатады.

Талаптар тізілімі мынадай міндеттерді шешеді:

1) талаптардың осы Кодексте көзделген оларды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;

2) кәсіпкерлік субъектілерінің қызметті жүзеге асыруы үшін міндетті талаптардың толық тізбесі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Талаптар тізіліміне Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын қоспағанда, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес қызметті жүзеге асыруы кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптар қамтылатын реттеушілік актілер енгізіледі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами