«Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 25 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36761 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. «Астана» халықаралық қаржы орталығының тәуелсіз директорларын іріктеу «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
«2-1-тарау. Бейрезидент болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтің директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорларды іріктеу
17-1. Жалғыз акционер (оның өкілі) және (немесе) ұлттық басқарушы холдинг Жалғыз акционердің тапсырмасы бойынша Жалғыз акционер белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес келетін бейрезидент болып табылатын тәуелсіз директорларға кандидаттарды іздестіруді және іріктеуді жүргізеді.