Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОРАЛМАН МӘРТЕБЕСІН БЕРУ НЕМЕСЕ ҰЗАРТУ» МЕМЛЕКЕТТІК ...

Информация о документе
Датапятница, 1 марта 2019
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 1 марта 2019

Осы редакция 2019 жылғы 6 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Жамбыл облысы әкімдігінің

2015 жылғы 23 шілдедегі

№ 158 қаулысымен бекітілген

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019.01.03. № 33 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2019.01.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)


1. Жалпы ережелер

 

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019.01.03. № 33 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 cәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушыға оралман куәлігін беру.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну болып табылады.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2018.25.01. № 17 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.01.03. № 33 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами