Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2021 – 2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ...

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 2 февраля 2022
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 2 февраля 2022

Осы редакция 2022 жылғы 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2022.02.02. № 43 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2019 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1060 қаулысымен

бекітілген

 

 

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау

қағидалары

(2022.02.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттарын, тетігін және тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау:

1) екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары;

2) «жасыл» жобаларды іске асыру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер берген кәсіпкерлердің кредиттері;

3) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – тетік) шеңберінде екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша жүзеге асырылады.

3. Осы Субсидиялау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами