Введите номер документа
Прайс-лист

Іс жүргізудегі медиация

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 28 октября 2024
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 28 октября 2024

28.10.2024

Іс жүргізудегі медиация

 

 Медиация - тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі.

 Медиация тараптар мен медиатордың өзара келісуі бойынша тараптардың медиатормен жеке-дара және (немесе) бірлескен кездесулері түрінде, тараптардың медиатормен жеке-дара және (немесе) бірлескен телефонмен әңгімелесулері арқылы, тараптардың медиатормен бейне-конференц-байланыс арқылы жеке-дара және (немесе) бірлескен әңгімелесулері түрінде, тараптар мен медиатор арасында электрондық хабарлар алмасу арқылы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдаланыла отырып, осы Заңның талаптарына қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен жүргізілуі мүмкін.

 Медиацияны жүргізу тараптардың өзара келісімі бойынша және олардың арасында медиация туралы шарт жасалған кезде жүзеге асырылады.

 Тараптар дауды (жанжалды) медиация арқылы шешу туралы өзара келіскен жағдайда жазбаша түрде ресімделген медиация туралы шарт жасалады, медиатор және тараптардың бірінің немесе медиатордың сұрау салуы бойынша түпнұсқаларды кейіннен бере отырып, электрондық пошта арқылы медиация туралы шарттың қол қойылған цифрлық көшірмелерімен алмасуы мүмкін.

 Медиация тараптар дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімге қол қойған жағдайда - мұндай келісімге қол қойылған күннен бастап, медиатор дауды (жанжалды) медиация арқылы шешу мүмкіндігін болғызбайтын мән-жайларды анықтаған жағдайда, тарап (тараптар) медиациядан жазбаша бас тартқан жағдайда - тарап (тараптар) жазбаша бас тартуға қол қойған күннен бастап, тараптардың біреуі медиацияны жалғастырудан жазбаша бас тартқан жағдайда - қолжетімді байланыс құралдарымен хабардар етілген кезден бастап, медиацияны жүргізу мерзімі аяқталған жағдайда - ҚР «Медиация туралы» Заңының 23 және 24-баптарының ережелері ескеріле отырып, ол аяқталған күннен бастап тоқтатылады.

 

 Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.М. Машрап

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами