«Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 10 тамыздағы № 367 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЬІРАМЫН:
1. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10323 тіркелген, 2014 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерінде:
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес (бұдан әрі - Өрт қауіпсіздігі қағидалары), жол ені ең аз радиус электртиегіштің нақты аспалы құралымен айналуына байланысты белгіленеді.
Жылытылатын қоймада ет консервілерінің штабельдер арасында және балық консервілерінің әрбір екі-үш штабель сайын және жылытылмайтын қоймада сүт консервілерін екі штабель сайын ені 0,5 метр өткел қалдырады.
Тоңазытқыш камерасының төлесінде келесі мөлшерде шегерім қалдырады: қабырғадан, тіректен, қабырға жанындағы батареядан, суытқыштан штабельге дейін 0,3 метр, төбеден немесе төменгі арқалықтан штабельдің басына дейін 0,2 метр.
Жол ені 1,6 метрге тең қабылданады.
Тауар штабелі және түпқоймалар салмақ түсетін қоймалардың конструкциясына сүйенбеуі тиіс.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: