«Цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 150-н/қ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33165 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптарда:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес цифрлық майнерлерді электр желілеріне қосуға қойылатын талаптарды айқындайды.