Осы редакция 2017 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына
3-қосымша
Тестілеуден өтудің қағидасы және шарттары, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органының
экономикалық тергеу қызметі лауазымдарының санаттары үшін
шекті мәні
1. Осы Тестілеуден өтудің қағидасы және шарттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және оның экономикалық және қаржылық қылмыстар және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес саласында құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының санаттары үшін шекті мәні «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 48-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тестілеуден өтудің тәртібін және шарттарын, сондай-ақ аттестациядан өту кезінде мемлекеттік кірістер органы лауазымдарының санаттары үшін шекті мәнді айқындайды.
2. Мемлекеттік кірістер органының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерін тестілеу олардың кәсіби дайындығының деңгейін, атестацияны өткізу кезінде логикалық ойлау мүмкіндігін айқындау үшін және оқу жылы ішінде кәсіби қызметтік дайындығының қортындысы бойынша өткізіледі. Тестілеу компьютерлік техниканы пайдаланып тест сұрақтарына жауап беру нысанында жүзеге асырылады.
3. Нормативтік құқықтық актілер тізбесі және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері бойынша тест сұрақтарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) орталық аппаратының кадр бөлімшесі Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және әзірлейді.
Мемлекеттік кірістер органының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерін тестілеуге қатысты мәліметтерді жариялауға жол берілмейді.