ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019.09.10. № 763 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 499 бұйрығына 11-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 527 бұйрығымен күші жойылды
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет
көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.09.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы тапсырған сәттен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күні.
Ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда қарау мерзімі 22 (жиырма екі) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).