«Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 477 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 253 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 477 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21739 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанда (бұдан әрі - Нысан):
кіріспенің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық бөлімшелері.»;
Нысан қосымшасының:
«Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: