ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы
1. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарап:
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:
«Time.kz» желілік басылымының бас редакторы Руслан Фанилевич Бахтигареевке - интернет кеңістігінде ақпарат тарату ісін белсенді жүргізгені үшін;
«Egemen Qazaqstan» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі Байқал Қайырлыұлы Байәділге - отандық журналистикаға қосқан үлесі үшін;
«NewTimes.kz» ақпарат агенттігінің фототілшісі Әлібек Әбдубәкірұлы Ибраевқа - фотожурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін;
«Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары Қайрат Жанатұлы Мұсақұловқа - Қазақстандағы телевизиялық журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін берілсін;
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары: