«Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 26 мамырдағы № 55 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларында:
3-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталы (бұдан әрі - тізілімнің веб-порталы) - www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан, мемлекеттік кәсіпорындарға цифрлық деректер базасына бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;
2) «цифрлық үкіметтің» шлюзі - «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін өзге де цифрлық объектілермен интеграциялауға арналған цифрлық объект;
3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: