Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
1-қосымша
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.16.08. № 132 Қаулысымен алып тасталды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
«Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны растау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.24.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны растау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге валюта шарты туралы ақпарат, құжаттар ұсынылған күннен бастап - 7 (жеті) жұмыс күні өткеннен кейін;
2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - қағаз жеткізгіштегі хабарлама куәлік.