«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 201-н/қ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14155 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. ЖЭК пайдаланудың жұмыс істейтін объектілерінің тізімі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 бұйрығымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10455 болып тіркелген) (бұдан әрі - Мониторинг жүргізу қағидалары) сәйкес қалыптастырылады.»;
7-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7-1. ЖЭК орналастыру жоспарын өзектілендіруді уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
1) аукциондық сауда-саттық нәтижелері бойынша;
2) басым тұтынушылардан келіп түскен өтініштерді қарау қорытындылары бойынша;
3) Мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес мониторинг нәтижелері негізінде;
4) осы Қағидалардың 7-2-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде;
5) жер учаскесінің сипаттамалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес келмеген кезде;