Карантиндік режимнің күшін жою және «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 311 Қаулысы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы аумағында жатаған у кекіремен (аcroptilon repens DC.) және арамсояумен (cuscuta spp.) зақымданған алқаптар көлемінде келесі жер учаскелерінде карантиндік режимнің күші жойылсын:
1) Глубокое ауданы, Бобровка ауылдық округі, «ОблШығысЖол», жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Өскемен - Бобровка - Нұртау автомобиль жолының бойында 2-4 км, 9-12 км, зақымданған алаң - 1 га, арамсояу;
Ертіс ауылдық округі, «ҚазАвтоЖол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Өскемен - Шемонаиха автомобиль жолының бойында 1-3 км, 7-9 км, 11-14 км, 17-31 км, 33 км, 38 км, 42-50 км, зақымданған алаң - 1,5 га, арамсояу;
Секисовка ауылдық округі, «ОблШығысЖол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Секисовка - Шемонаиха автомобиль жолының бойында 7-8 км, 11 км, зақымданған алаң - 0,8 га, арамсояу;
Секисовка ауылдық округі, «ҚазАвтоЖол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Өскемен - Риддер автомобиль жолының бойында 22-25 км, 26-29 км, 31-35 км, 47-48 км, 60-72 км, 78-81 км, 92-99 км, зақымданған алаң - 12,2 га, арамсояу;
Тарханка ауылдық округі, «ОблШығысЖол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Өскемен - Горная Ульбинка - Феклистовка автомобиль жолының бойында 16-22 км, 28-32 км, 35-44 км, зақымданған алаң - 6,5 га, арамсояу;
Тарханка ауылдық округі, «ОблШығысЖол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Өскемен - Винное - Тарханка автомобиль жолының бойында 0-4 шақырым, зақымданған алаң - 2,1 га, арамсояу;
Ушаново ауылдық округі, «ҚазАвтоЖол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Өскемен - Алтай автомобиль жолының бойында, зақымданған алаң - 3,55 га, арамсояу;
Глубокое кенті, Глубокое елді мекенінің жерлері, Попович көшесі, 16-18 үйлер, Пирогов көшесі, 10/1, 11Б, 17, 30/1 үйлер, зақымданған алаң - 7,05 га, арамсояу;
Глубокое кенті, Вокзальная автомобиль жолының бойында, зақымданған алаң - 0,2 га, жатаған у кекіре.