Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін
атқарушының
2026 жылғы 29 қазандағы
№ 544 бұйрығына
4-қосымша
Кәсіптік стандарт: «Бұрғылау-жару құрылыс жұмыстары»
1- тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: Осы стандарт күрделі құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау және бөлшектеу кезінде бұрғылау-жару жұмыстарын орындайтын қызметкерлердің біліктілігіне, білімі мен іскерлігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) білім - кәсіби міндет шеңберінде іс-қимылдарды орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
2) дағды - кәсіби міндетті толық орындауға мүмкіндік беретін білім мен іскерлікті қолдану қабілеті;
3) кәсіптік стандарт - формальды және (немесе) формальды емес және (немесе) ақпараттық білімді, біліктілік пен құзыреттілік деңгейін, кәсіптік қызметтің нақты саласында еңбек мазмұны, сапасы мен жағдайларын ескере отырып, білімге, іскерлікке, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;
4) іскерлік - кәсіби міндет шеңберінде жеке-дара іс-әрекеттерді физикалық және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;
5) салалық біліктілік шеңбері - салада танылатын сараланған біліктілік деңгейлерінің негіздемелік құрылымы болып табылатын ұлттық біліктілік жүйесінің құрамдас бөлігі (кіші жүйесі;
6) жарылғыш материалдар - жарылғыш заттар мен олардан тұратын бұйымдар, сондай-ақ жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын бастамашыл құралдар;
7) бұрғылау-жару жұмыстары - комплекс работ по бурению скважин (шпуров) и взрыванию зарядов для разрушения горных пород и грунтов;
8) су астындағы жарылыс жұмыстары - жарылғыш заттардың зарядтарын орналастыру және детонациялау су астында (су ортасында немесе су айдындарының түбіндегі топырақта) жүзеге асырылатын арнайы жарылыс жұмыстарының кешені.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады
1) БТБА - бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
2) БА - біліктілік анықтамалығы;
3) КС - кәсіптік стандарт;
4) СБШ - салалық біліктілік шеңбері;
5) ЖЗ - жарылғыш заттар;
6) ЖИ - жасанды интеллект.