«Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту және олардың жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 9 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту және олардың жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35090 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюерлер ретінде тарту және олардың жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
7-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
9-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Бюроның аумақтық бөлімшесінің байқау жүргізу кезінде интервьюердің жұмысына бақылауды жүзеге асыратын жауапты қызметкері (бұдан әрі - Бюроның аумақтық бөлімшесінің жауапты қызметкері) дайындаған тізімге сәйкес респонденттің және (немесе) үй шаруашылығының мекенжайларын сәйкестендіру (анықтау);»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) қателер анықталған жағдайда, респонденттерге және (немесе) үй шаруашылықтарына қажетті деректерді нақтылау үшін қосымша бару және бару нәтижелері туралы Бюроның аумақтық бөлімшесінің жауапты қызметкеріне хабарлау;»;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: