«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 14 қарашадағы № 703 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20212 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
««Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қағидалардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
««Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz, «электрондық үкімет» веб-порталы» (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мынадай кіші түрлерін қамтиды: аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу және аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтату.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жазылған.»;
2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі