«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 31 шілдедегі № 200 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларында:
1-тараудың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Нормалар азаматтық әуе кемелеріне және пилотсыз авиациялық жүйелерге, сондай-ақ азаматтық әуе кемелерінің қозғалтқыштарына, компоненттері мен жабдықтарына қолданылады және ұшу жарамдылығы талаптарын белгілейді.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Нормаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) айналыстың максималды жиілігі - егер максималды режим техникалық пайдалану жөніндегі басшылықта көзделмесе, қосымша газ турбиналық қозғалтқышты пайдаланудың күтіліп отырған жағдайында максималды немесе максималды ұзақ режимде ротор айналысының максималды жиілігі;
2) алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі әуе винтінің ресурсы - пайдаланудан бастап алғашқы күрделі жөндеуге дейін белгіленген атқарым. Топтамалық өндіріс және алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі ресурстар оны бастапқы мәнінен әуе винтіне техникалық құжаттамамен берілген мәнге дейін ұлғайтуға жатады. Күрделі жұмысқа және жөндеу аралық ресурстары шегінде Техникалық қызмет көрсету бағдарламасында көзделген жергілікті жөндеулер мен жеке бөлшектерді ауыстыру арқылы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі;