Осы редакция 2019 жылғы 12 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2019.19.02. № 121 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына
5-қосымша
Қаржы мониторингі органының қарауында
тұрған қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеру
қағидасы
(2019.19.02. берілген өзгерістермен)
1. Осы қаржы мониторингі органының қарамағында тұрған қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеру қағидасы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң ) 46-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі органының қарамағында тұрған қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін айқындайды.
2. Қызметкерді атқарып отырған лауазымынан босату және қаржы мониторингі органының қарамағына алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының (бұдан әрі - Комитет төрағасы) немесе аумақтық қаржы мониторингі органының уәкілетті басшысының (бұдан әрі - уәкілетті басшы) бұйрығымен күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Ерекше жағдайларда бұл мерзім Комитет төрағасының, уәкілетті басшының бұйрығымен Заңының 46-1-бабына сәйкес екі айға дейін ұзартылады.
Қарамағына алынған қызметкерде соңғы лауазымы бойынша ақшалай құрамы сақталады.
3. Тиісті қаржы мониторингі органының қарамағанда тұрған тұлғаны лауазымға тағайындау күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде, бірақ лауазымнан босатылған күннен бастап екі айдан кешіктірмей жүргізіледі.
4. Қарауда тұрған адамдар Комитет төрағасының немесе уәкілетті басшының шешімімен:
1) бос орынға тағайындау бойынша жұмысқа;