ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 44 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.10.07. № 499 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 276 бұйрығына
3-қосымша
«Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.10.07. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың, республикалық маңызы қалалардың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімдері порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:
1) лицензия беру, заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру және заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде және санат бере отырып қайта ресімдеу - 5 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);