«Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 680 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 3 қарашадағы № 1286 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 680 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29203 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерін жерлеуге арналған біржолғы төлемді және оның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қате немесе дәлсіздік анықталғанда, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмегенде, осы Қағидаларға 1-қосымшаның 10-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмағанда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күні беріледі, ол Тізбенің 5-тармағында белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Анықталған кемшіліктер жойылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының бастапқы жүгінген күні өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні болып есептеледі.