Астық және тұқым инспекциясы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 368/13 Қаулысы
(2016.25.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 27 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау»;
2) «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызмет бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін.
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 129/4 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3844 болып тіркелді, 2014 жылғы 21 маусымда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды) келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің күші жойылсын:
«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау»;
«Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызмет бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру».
3. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі «Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 129/4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 309/9 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4136 болып тіркелді, 2014 жылғы 22 қарашада «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды) келесі сөздер мен сандар алынып тасталсын: