Осы редакция 2019 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.07.12. № ҚР ДСМ-36 бұйрығымен 16-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 272 бұйрығына
16-қосымша
«Жедел медициналық көмек көрсету»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жедел медициналық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау субъектілері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді берген сәттен бастап - 1 жұмыс күні ішінде («Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 15473 болып тіркелген) бекітілген жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес).
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді тапсырудың ең жоғары рұқсат етілген уақыты - 5 минут;
қызмет көрсетудің ең жоғары рұқсат етілген уақыты -1 жұмыс күн ішінде (Қағидаларға сәйкес).
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жедел медициналық көмек көрсету (Қағидаларға сәйкес).
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.