Введите номер документа
Прайс-лист

«Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығына 1, 2-қосымшалары) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 12 февраля 2018
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 января 2025

ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы 12 ақпандағы

№ 166 бұйрығына

1-қосымша

 

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы 12 ақпандағы

№ 166 бұйрығына

2-қосымша

 

 

«Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау

 қағидалары

 

 

1-Тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге (бұдан әрі - КТС) арналған «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық есептілігі нысанын (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны:

мемлекеттік мекемелерді;

орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары;

110.00 немесе 150.00-нысандары бойынша декларация толтыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын резидент-заңды тұлғалар, бейрезидент-заңды тұлғалар жасайды.

2. Декларация декларацияның өзінен (100.00-нысан) және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (100.01-ден 100.11-ге дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін декларациядағы жолдар толтырылған кезде жасалады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» - қосу; «-»- алу; «х» - көбейту; «/»- бөлу; «=»- тең.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами