«Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 10 тамыздағы № 88/ҚЕ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10930 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары: 1) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 73-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне (курсанттардан, тыңдаушылардан, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттардан, докторанттар мен адъюнкттерден басқа);
2) Заңның 77-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына;