Куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын беру, сақтау, қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 28 тамыздағы № 522/НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 55-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растау қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растау қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын қоспағанда, куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растау қағидалары бекітілсін.