«Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 20 қазандағы № 526 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттері:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі олар түскен күні, осы Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген құжаттармен бірге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш жасаған жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттары бар өтінішті 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы тізбенің 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін жүзеге асырады.