Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 645 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 5 сентября 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 5 сентября 2022
Дата последнего измененияпонедельник, 5 сентября 2022

 «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 645 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мыналар қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын:

1) өңдеу өнеркәсібін дамытуды, өңірлерді өнеркәсіптік-инновациялық дамытуды, өнеркәсіптің цифрлық трансформациясын және Индустрия 4.0-ді енгізуді қоса алғанда, экономика секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету;

2) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға:

басым тауарлар тізбесі жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

бірыңғай индустрияландыру картасын қолдап отыру;

өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алушыларға өнеркәсіптік гранттар беру;

бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді іріктеуді жүргізу, қолдап отыру, іске асырылуын мониторингтеу және талдау;

өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін талдау;

қарсы міндеттемелерді мониторингтеу;

индустриялық дамуды бағалауды жүргізу;

өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы және өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің Индустрия 4.0-ді енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ ұсынымдарды іске асыру кезінде қолдап отыру бойынша қызметтер көрсету;

3) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсету;

4) аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну және аумақтық кластерлерді дамыту процестерін қолдап отыру бойынша қызметтер көрсету;

5) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами