Введите номер документа
Прайс-лист

«Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 215 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 343/НҚ бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 5 октября 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 26 октября 2021
Дата последнего изменениявторник, 5 октября 2021

«Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 215 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 343/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 215 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 14530 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидалары:

мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2-тармақтармен толықтырылсын:

«8-1. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің өзіндік құнын есептеуді жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган мынадай шығындарды есепке алады:

1) әмбебап қызметтерді көрсетуге байланысты материалдық шығыстар;

2) еңбекақы төлеуге, оның ішінде өндірістік персоналға арналған шығыстар;

3) міндетті сақтандыру түрлеріне арналған шығыстар, салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

4) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары;

5) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін жөндеу жұмыстарына арналған шығыстар;

6) ғимараттарды күтіп ұстау бойынша шығыстар және коммуналдық шығыстар;

7) ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуге, бөгде ұйымдармен жасалған шарттар бойынша сервистік қызмет көрсетуге арналған шығыстар;

8) байланыстың әмбебап қызметтерін көрсетуге қатысы бар бөгде ұйымдардың өндірістік сипаттағы жұмыстары, көрсетілетін қызметтері.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами