«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 900 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9295 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бүкіл мәтін бойынша «кеуде белгісін» «кеуде белгісі», «кеуде белгі», «кеуде белгісінен» деген сөздер тиісінше «төсбелгісін», «төсбелгісі», «төсбелгі», «төсбелгіден» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органы әскери қызметшілерінің шевронын, дербестендірілген белгісі мен төсбелгісін жасауды және бағынысты мекемелер мен бөлімшелерді олармен қамтамасыз етуді ұйымдастырсын;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери полиция органы әскери қызметшілерінің шевроны, дербестендірілген белгісі мен төсбелгісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органының айырым белгісі болып табылады.»;
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органы әскери қызметшілерінің төсбелгісі»;
3-тараудың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органы әскери қызметшілерінің төсбелгісі (бұдан әрі - төсбелгі) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органының ерекшелік төсбелгісі болып табылады.»;
3-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органы әскери қызметшілерінің төсбелгісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы».