Осы редакция 2018 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 10 шілдедегі
№ 207 қаулысына 1-қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 10 шілдедегі
№ 207 қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.27.12. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы органдар - Атырау қалалық және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО);
2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу үшін (порталда ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға өтініш білдіреді) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Атырау облысы әкімдігінің 2015.04.12. № 360 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.12. № 305 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда