Введите номер документа
Прайс-лист

«Тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 416 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 24 ақпандағы № 3 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 24 февраля 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 16 марта 2021
Дата последнего изменениясреда, 24 февраля 2021

«Тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 416 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 24 ақпандағы № 3 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 416 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16161 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 9 қаңтарда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесінде:

2-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«2. Әдістеме монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануды бағалау тетігін айқындайды.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:

1) құзыреттi орган - экономиканың тиiстi саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

2) мәмілеге қатысушылардың тауарлары - экономикалық шоғырлануға мәміле жасасқанға дейін мәмілеге қатысушылар өткізетін және мәмілеге қатысушылар ол аяқталғаннан кейін өткізілуі жоспарланатын (жоспарлаған) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер);

3) өтiнiш берушi - экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы өтiнiшхат немесе жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама берген тұлға;

4) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) өнім берушілері (сатушылар, тапсырыс берушілер) - өз қызметінің тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өткізетін нарық субъектілері, сондай-ақ тауар өндірушілерден соңғы тұтынушыларға жылжыту бойынша қызметтер көрсететін сауда және делдал ұйымдар;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами