Ақмола облысы әкімдігінің 2016.15.06. № А-7/289 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 18 қарашадағы
№ А-11/530 қаулысымен
бекітілген
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № А-2/57 Қаулысымен күші жойылды
«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.15.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
1) «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.