Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI шешімі
(2022.05.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020.09.10. № 42/482-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.05.05. № 15/131-VII шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттары:
әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;