Осы редакция 2019 жылғы 7 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
3-қосымша
«Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.24.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.