«Жер учаскесін сатып алу-сатудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 96 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер учаскесін сатып алу-сатудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19436 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жер учаскесін сатып алу-сатудың үлгілік шартында:
7-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) осы Шарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде берілген жер учаскесіне төлем жасау жөніндегі міндет орындалмаған жағдайда, Сатып алушы учаскеге төлем жасалған күнге дейін жер учаскесі үшін сома төленуі тиіс күннен бастап мерзімі өткен мерзімге өсімпұлды (тұрақсыздық айыбын) күнтізбелік 30 күн ішінде төлеуге міндетті.