Введите номер документа
Прайс-лист

«Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 122 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 20 марта 2026
Статус
Не введен в действиевводится в действие с 18 апреля 2026, 1 января 2027

«Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 380 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 122 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17079 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (бұдан әрі - ЖҚПБП) - мемлекеттік қызметтер көрсетуді және мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де мүдделі тұлғалар арасындағы, оның ішінде басқа да ақпараттандыру объектілерімен интеграциялау арқылы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе болып табылады.

5) Геология саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі - Оператор) - жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы, ол мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты жүйелеуді, жинақтап қорытуды және беруді жүзеге асырады.»;

3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алуды және сақтауды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган өзі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. Мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі және пайдалануындағы пайдалануындағы геологиялық ақпаратты жүйеге келтіруді, жинақтап қорытуды және беруді Оператор жүзеге асырады.

4. Оператор кейіннен мүдделі тұлғаларға беру үшін мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты жинауды жүзеге асырады.

Документ не введен в действие

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами