Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2026 жылғы 4 қарашадағы
№ 560 бұйрығына 7-қосымша
Кәсіптік стандарт:
«Құрама және монолитті конструкцияларды монтаждау және орнату»
1- тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: Кәсіби стандарт бағалау, сертификаттау және біліктілікті растау, кадрларды даярлау және қайта даярлау үшін негіз ретінде әзірленеді және пайдаланушылардың кең ауқымында пайдалануға арналған.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
2) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;
3) кәсіп - жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;
4) кәсіптік біліктілік - кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;
5) кәсіптік стандарт - формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;
6) бетон қоспасы - тұтқыр заттан, толтырғыштардан, судан және қажет болған жағдайда қоспалардан ұтымды құрастырылып, біртекті күйге дейін араластырылған қоспа;
7) монтаждау - дайын элементтерден конструкцияларды құрастыру, жобалық қалыпқа орнату, дәлдеу, уақытша және түпкілікті бекіту;
8) монтаждау жігі - блок пен ойық арасындағы, бекітуді, жылу оқшаулауды және атмосфералық ылғал мен су буынан қорғауды қамтамасыз ететін қабаттар мен материалдар кешені;
9) қада - жүктемені беру үшін топыраққа батырылатын немесе топырақта қалыптастырылатын өзекше немесе өзге де конструктивтік элемент;
10) копер - қаданы бағыттауға және қада қағу жабдығын орналастыруға арналған құрылыс машинасы.