Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы лицензиарды және ақпаратты криптографиялық қорғау саласында екінші санаттағы рұқсат беруге уәкілетті органды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 589 Қаулысы
(2018.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2026 жылғы 11 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2018.29.10. № 691 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2018.29.10. № 691 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2018.29.10. № 691 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1) мыналар:
жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, жасау, жөндеу және өткізу;
ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу;