Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 352 Қаулысымен күші жойылды
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы 24 мамырдағы
№ 232 қаулысына
11-қосымша
«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы
асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе қаласы мен аудандарының білім бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11184 тіркелген бұйрығымен бекітілген «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім немесе Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрінде.