«Цифрлық үкіметтің» операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 208/НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 473/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Цифрлық үкіметтің» операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 208/НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Цифрлық үкіметтің» операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтердің тізбесінде:
2-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) «Әлеуметтік әмиян»;»;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) «Antitrust» бағдарламалық қамтылымы.».