«Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу, сондай-ақ жеке тұлғаларға жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар куәліктерін беру туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 170 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2026 жылғы 28 тамыздағы № 184 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу, сондай-ақ жеке тұлғаларға жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар куәліктерін беру туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 170 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28152 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу, сондай-ақ жеке тұлғаларға жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар куәліктерін беру қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылау - «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және нысандарда, Заңда және осы Қағидаларда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау субъектілерінің қызметі;»;
2-баптың 4) тармағындағы «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөз «цифрлық» деген сөзбен алмастырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: