Введите номер документа
Прайс-лист

«Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 21 маусымдағы № 156 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 21 июня 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 8 июля 2024
Дата последнего измененияпятница, 21 июня 2024

«Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 21 маусымдағы № 156 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында:

2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), оның ішінде мамандандырылған білім беру ұйымдары:

1) білім беру деңгейі бойынша:

бастауыш мектеп;

негізгі орта мектеп;

жалпы орта білім беретін мектеп;

2) оқыту бейіні бойынша:

гимназия;

лицей;

бейіндік мектеп (жоғары мектеп);

3) оқуды ұйымдастыру жағдайы бойынша:

шағын жинақты мектеп;

тірек мектеп (ресурстық орталық);

түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектеп;

кешкі мектеп;

девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы;

ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған білім беру ұйымы;

аурухана жанындағы мектеп;

арнайы мектеп;

4) халықаралық:

халықаралық мектеп;

5) интернаттық ұйымдар:

мектеп-интернат;

әскери мектеп-интернат;

жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат;

тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат;

санаториялық мектеп-интернат;

арнайы мектеп-интернат;

6) біріктірілген:

«мектеп-бөбекжай» кешені;

«мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені;

«бастауыш мектеп-бөбекжай-балабақша»;

арнайы «мектеп-балабақша»;

арнайы кешен «балабақша-мектеп-интернат»;

мектеп-гимназия;

мектеп-лицей;

қосымша білім беретін мектеп-орталығы;

мектеп-интернат-колледж;

арнайы кешен «мектеп-интернат-колледж»;

оқу-сауықтыру орталығы (кешен);

оқу-өндірістік комбинат (мектепаралық, курстық);

оқу-тәрбие орталығы (кешен);

оқу орталығы;

дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы;

қыздар мектеп-гимназиясы;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами