Введите номер документа
Прайс-лист

«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 10 тамыздағы № 236 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 10 августа 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 29 августа 2021
Дата последнего изменениявторник, 10 августа 2021

 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 10 тамыздағы № 236 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) алқаптың кадастрлық нөмірі - субсидиялаудың ақпараттық жүйесі беретін, орналасқан жерін айқындауға (сәйкестендіруге) арналған, көп жылдық екпелері бар учаскенің бірегей коды;

2) бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары - бірінші ұрпақта гетерозис нәтижесінде ең үздік ата-енелік нысаннан шығымдылығы немесе өзге де көрсеткіштері бойынша асып түсетін будандық өсімдіктер беретін, генетикалық айырмашылығы бар ата-енелік нысандарды будандастырудан алынған жүгері, қант қызылшасы, рапс, күнбағыс, мақта, құмай, қызанақ және қияр тұқымдары;

3) жеке шот - субсидиялауға арналған өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалар жиынтығы;

4) көп жылдық екпелердің электрондық картасы - бұрылыс нүктелерінің координаттарын және жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінен алынған деректерді қамтитын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан алқап туралы ақпарат;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами